Максим Александрович 1991 жылы туған. Білімі жоғары. Омбы мемлекеттік техникалық университетін бітірген. Инженер-менеджер.
- «Nur Otan» ХДП Ақсу қалалық филиалының жастармен жұмыс жөніндегі маманы,
- «Джей Энд Эс» халықаралық компаниясының қазақ тілі оқытушысы,
- «ZamandaS» Омбы қазақ мәдени-ағарту газетінің бас редакторы,
- «Мәдениет, спорт және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Павлодар облыстық филиалының бас маманы,
- «Павлодар облысының кәсіпорталығы» КАБ төрағасының м.а.,
- «Павлодар кәсіпқызмет» ЖШС-нің директоры, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ жетекшісі, бас сарапшысы,
- «Нұр-Медиа» ЖШС медиа редакциясының басшысы, бас директорының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, ҚР Парламенті Сенаты аппараты басшысының орынбасары болып қызмет істеген.