«Судьяның аты-жөні және іс қарауға қабылданған-қабылданбағаны, сондай-ақ үкімге толық шағымдануға тырысып жатқаны немесе тек кейбір жеке шешімдер бар-жоғы белгісіз. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасының атында қате жіберілгенімен, тегі мен әкесінің аты толығымен сәйкес келеді», — делінген.
Айта кетейік, Кәрім Мәсімовтің ісі тергеліп, сотта «аса құпия»қаралған болатын. 2023 жылдың сәуірінде Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҰҚК-нің бұрынғы басшысын мемлекетке опасыздық жасағаны, билікті күштеп басып алу әрекеті, билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп таныды.
Еске салсақ, Мәсімов 18 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді және өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды. 2023 жылдың маусымда апелляциялық сот Мәсімовке үкімді өзгеріссіз қалдырған.
Фото: kapital.kz