Франция Президенті Эмманюэль Макрон Қасым-Жомарт Тоқаевқа жоғары лауазымды қызметте табыс тіледі.
«Қазақстан 2019 жылдан бері саяси және экономикалық жаңғырту үдерісін сәтті жүзеге асырып келеді. Мұны біз зор қызығушылықпен бақылап отырмыз. Сіздің қайта сайлануыңыз осы маңызды істің қарқынын сақтауға және Қазақстан халқының мүддесі үшін өзіңіз жариялаған реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосып жүргеніңізден хабардармын. Осы жолда Сізді толыққанды қолдаймын», – деп жазды Эмманюэль Макрон.