Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Саясат

Ел халқы көтерген мәселелердің басым бөлігі жылу беру жүйесіне қатысты — Үкімет

Бірқатар қалада жылумен қамтамасыз ету жүйелерін жөндеуге 55 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутаттарға келіп түскен азаматтардың өтініштерін мемлекеттік органдардың қарау нәтижелерін баяндау кезінде Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова айтты.

11.10.2023
Саясат

«Бүгінгі формат халықты алаңдадатын түйткілді мәселелерді шешудің тиімді жолдарын табуға және оны заңнамалық тұрғыдан реттеуге мүмкіндік береді. Депутаттардың атына жолданған азаматтардың 2,5 мыңнан астам өтінішін Үкімет мұқият қарап, тиісті жауаптар Парламентке жолданды. Олардың орындалу барысы Үкіметтің ерекше бақылауында. Біріншіден, өтініштердегі көп көтерілген мәселенің бірі былтыр жылу желілеріндегі ірі техногендік апаттардың салдарын жою және осы саладағы инфраструктураның потенциалын әлеуетін көтеруге қатысты. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет еліміздің барлық жылу инфрақұрылымына тиісті тексеру жасап, оның қорытындысы бойынша нақты іс-шаралар жоспарын қабылдады», — деді Т. Дүйсенова.

Оның айтуынша, бұл жұмыстың қорытындысы бойынша жылумен қамтамасыз ету нысандарын салу, күрделі және жөндеу жұмыстарының кестесі әзірленді. Екіншіден, Үкіметтің резервінен Екібастұз, Риддер, Рудный, Степногорск, Көкшетау, Ақтау, Семей, Павлодар қалаларының жылумен қамтамасыз ету жүйелерін жөндеу үшін 55 млрд теңге бөлінді.

«Жүйелі шараның бірі ретінде осы салаға едәуір инвестиция тартуға және коммуналдық инфрақұрылымды жаңартуға бағытталған «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы қабылданып, іске асырылып жатыр. Бұл жобаның аясында инженерлік желілерді жөндеу және осы саладағы қызметкерлердің жалақысын арттыруға, кадрларды тартуға, олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 250 млрд теңге шамасында қаржы тарту жоспарланып отыр. Мұндағы тағы бір өзекті мәселе – ол тарифтің өсуіне қатысты. Бұл жағдайда Үкімет азаматтарды әлеуметтік қолдау механизмін қолданатын болады. Яғни, егер отбасының төлейтін коммуналдық шығындарының көлемі жергілікті атқарушы органдар белгілеген пайыздық көлемінен асып кетсе, онда мұндай отбасыларға бюджеттен тұрғын үй көмегі төленеді», — деді вице-премьер.

Тегтер: Тамара Дүйсенова

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области состоялся диалог с молодежью о новой Конституции

Николай Иващенко
22.02.2026

Пять тысяч военнослужащих приняли участие в масштабной проверке Десантно-штурмовых войск

Николай Иващенко
22.02.2026

Подростка привлекли к ответственности за ложное сообщение о теракте в Костанае

Николай Иващенко
22.02.2026

Два рыбака застряли на отколовшейся льдине на Капчагае

Николай Иващенко
22.02.2026

Минторговли намерено увеличить экспорт готовой продукции Алматы и Алматинской области на 1,5 млрд долларов США к 2030 году

Николай Иващенко
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz