«Қарағанды облысындағы И.А. Костенко атындағы шахтада болған авария салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2023 жылғы 29 қазанда Жалпыұлттық аза тұту жариялансын», — делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімінде.
Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Костенко шахтасындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен және туған-туыстарымен кездесуде 29 қазанды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын айтқан болатын.