ҚР Президентінің баспасөз қызметі бұған дейін хабарлағандай, Қасым-Жомарт Кемелұлы бұрынғы туған күндері сияқты, бұл жолы да мемлекет басшысы ретінде мерейтойын атап өтпейді.
«Бұқаралық ақпарат құралдарынан Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтетіні туралы сұрақтар келіп түсіп жатыр. Осыған орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды», — деп мәлімдеді Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.
Белгілі болғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытайға мемлекеттік сапармен барады. Ол Қытайда 19 мамырға дейін болады.