«Туған күніңмен, Астана! Елорда әкімдігінің қолдауымен, шығармашылық топ, кәсіби ұшқыштар және анимациялық суретшілермен бірге астана тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік тосын сый әзірледік. Бұл нағыз әуедегі сиқыр болмақ! Дрон-шоу – әсерлі қойылым, заманауи өнер мен технологиялардың бірлесуі. Баршаңызға мереке құтты болсын! Бейбітшілік пен жақсылық тілейміз! Бүгін кешке Тәуелсіздік даңғылындағы «Қазақ елі» алаңында күтеміз», — деп жазды продюсер.