Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
«Азаматтық қорғау академиясы – төтенше жағдайлардан қорғау саласы бойынша маман даярлайтын еліміздегі жалғыз жоғары оқу орны. Соңғы уақытта 569 курсант күндізгі бөлімде, 161 курсант қашықтан оқу бөлімінде білім алып жатыр. Сондай-ақ 168 курсант шетелдік салалық жоғары оқу орындарында оқиды. Академия жыл сайын 150-ден астам офицер даярлап шығарады», — деді Мемлекет басшысы.