Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Саясат

Биыл үш мың шақырым жергілікті маңыздағы жолдар жөнделеді

Биыл бірқатар ауқымды теміржол жобалары жүзеге асырылмақ. Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті.

17.02.2023
Саясат

«Кейінгі 3 жылда 8 мың шақырымнан астам республикалық маңызы бар жолдар салынды әрі жөнделді, сондай-ақ 9,5 мың шақырымнан астам жергілікті маңызы бар жолдар жөнделді. Нәтижесінде, стандартты жағдайдағы жолдардың үлесі республикалық желіде 91 пайызға дейін, жергілікті желіде 85 пайызға дейін артты. 2023 жылы 7 мың шақырым республикалық маңызы бар жолды және 3 мың шақырым жергілікті желілерді қайта салу және жөндеумен қамту жоспарланған», — деді Роман Скляр Сенаттағы «Тиімді өңірлік саясат – еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі» тақырыбындағы парламенттік тыңдауда.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының 2029 жылға дейінгі сайлауалды тұғырнамасы аясында стандартты жағдайдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 100% және жергілікті желідегі автомобиль жолдарының үлесін 95% пайызға жеткізу міндеті қойылды.

Бұдан бөлек ол бірқатар ауқымды теміржол жобалары да жүзеге асырылатынын айтты.

«Жоспарланған шаралардың нәтижесінде транзит көлемі 30% пайызға артады. Жалпы, заманауи көлік инфрақұрылымын құру еліміздің транзиттік әлеуетін арттырып, аймақтардың байланысын жақсартады», — деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Тегтер: жолжөндеу жұмыстарыРоман Скляр

Соңғы жаңалықтар

ОСК жаңа Конституция жобасы бойынша референдум бюллетенінің мәтінін бекітті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысы білім басқармасының басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz