«Қазақстанның бидайы мен ұнын дәстүрлі импорттаушылары — Орталық Азия елдері мен Ауғанстан. 2022 жылы аталған өңірлерге астық эквивалентінде 7,7 миллион тонна қазақстандық бидай мен ұн экспортталды. Бұл ретте экспорттың 80,5 пайызы Өзбекстан мен Ауғанстанға тиесілі. 2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында өңірлерге 4 186 мың тонна астық эквивалентінде бидай мен ұн экспортталды. Оның ішінде Өзбекстанға – 2 345 мың тонна, Тәжікстанға — 428 мың тонна, Түрікменстанға — 259 мың тонна, Қырғызстан — 7,6 мың тонна және Ауғанстанға — 1 146 мың тонна бидай», — деп атап өтеді министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай.
Сонымен қатар министр 2023/2024 маркетинг жылында еліміз қанша тонна астық экспортқа шығаратындығына қатысты мәліметті жариялады.
«Егер соңғы 3 жылды алып қарасақ, еліміз 2020 жылы — 4,7 млн, 2021 жылы — 5,5 млн. тонна және 2022 жылы 6,1 млн. тонна бидай экспорттаған. Қазіргі кездегі экспортты дамыту іс-шараларын есепке ала отырып, 2023 жылдың экспорт көлемі 2022 жылдың көрсеткішінен кем болмауы тиіс деп санаймыз», — деді ведомстводан.