Видеодан суда ес-түссіз жатқан баланы әйел адамның шығарып жатқанын байқауға болады. Кейін ер адам баланы көтеріп, шетке жатқызады. Сол сәтте көмекке демалушы әйелдердің бірі келеді. Ол шебер қимылдармен жүрек-өкпе реанимациясын жасап, баланың қайта тыныс алуын қалпына келтіреді. Сөйтіп баланы жедел жәрдем қызметіне тапсырды.
Қазір оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Ата-анасы баланы құтқаруға қатысқандардың барлығына алғыстарын білдірді.
Алғашқы медициналық көмек көрсеткен әйелдің есімі Назым Шәріпова. Ол «Есіл» ауданының полиция басқармасында анықтаушы болып жұмыс істейді. Сол күні полицей әйел отбасымен бірге демалыста болған. Ол құтқару кезінде балаға зақым келтірмеу үшін ерекше сақтықпен қимылдаған. Назым Шәріпова қазақстандық полицейлердің жақсы дайындығын және төтенше жағдайларда жылдам әрекет ету қабілетін көрсетті.