Ғалымжан Қойгелдиев 1980 жылы 3 қаңтарда Жамбыл облысында дүниеге келген. әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген.
2002-2004 жылдары әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің азаматтық және кәсіпкерлік құқық кафедрасының оқытушысы,
2004-2005 жылдары Сыртқы істер министрлігінің шаруашылық басқармасы Консулдық қызмет департаментінің (Алматы қ.) маманы,
2005-2006 жылдары Сыртқы істер министрлігі аппаратының атташесі, үшінші хатшысы,
2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Монғолиядағы Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы,
2008-2011 жылдары Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы,
2011-2017 жылдары ҚР Бас прокуратурасының Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары,
2017-2022 жылдары ҚР Бас прокуратурасы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы болып қызмет етті.
2022 жылғы 16 қарашадан қазірге дейін Бас Прокурор аппаратының басшысы болды.