«Мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек. Алайда, бізде 2-6 жастағы балалардың жартысынан астамы ғана балабақшаға барады. Мұндай олқылыққа жол беруге болмайды. Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет», – деді Тоқаев.
Оған қоса Президент тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейтуді ұсынды.
Сонымен қатар балабақша тәрбиешілерін аттестациядан өткізу туралы айтты.
«Осы саладағы мамандарға қойылатын нақты талаптар бекітілуге тиіс. Олардың жұмыс жүктемесін де біртіндеп азайтқан жөн. Өз ісіне адал ұстаздар білім беру саласының дамуына зор үлес қосады. Сондықтан балабақшаны емес, тәрбиешіні аттестациялау қажет», – деді Мемлекет басшысы.