Албания Президенті Байрам Бегай Қазақстан тарапына қонақжайлық үшін ризашылығын білдірді.
«Құрметті Президент, біздің алғашқы кездесуіміз диалогтың басталғанын көрсетеді. Біздің өзара ынтымақтастық Қазақстан мен Албания арасындағы байланысты кеңейту мен нығайтуға, елдер арасындағы өзара байланысты ілгерілетуге септігін тигізеді. Қазақстан мен Албания арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас осы қыркүйекте жаңа серпінге ие болды. Мен сізді Албанияға сапармен келуге шақырамын. Балқан түбеніндегі елдерді келіп көріңіз», — деді Байрам Бегай Тоқаевқа.
Еске салсақ, екі ел арасындағы ынтымақтастық 1993 жылы орнатылған. Елдер арасындағы екіжақты сауда-саттық 1995 жылы басталды.
Осы кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Албания астаналары арасында әуе рейсін ашуды ұсынды.