Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының X саммиті басталды. Мерейтойлық саммит қиын геосаяси және геоэкономикалық жағдайда өтіп отыр. Соның барлығы бүгінгі жиында талқыланады, деп хабарлайды Ақорда.
2009 жылғы 3 қазанда Нахчыван қаласында (Әзербайжан Республикасы) өткен Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының ІХ Саммитінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесін (ТМЫК немесе Түркі кеңесі) құру туралы келісімге қол қойылды.
Қазіргі кезде Түркі кеңесінің мүше мемлекеттері Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан болып табылады, ал Мажарстан бақылаушы мәртебеге ие. Түркі кеңесі Хатшылығының штаб-пәтері Ыстанбұл қаласында орналасқан. Хатшылық Кеңестің саммиттері барысында қабылданған шешімдердің орындалу барысын зерделеу, жоғары деңгейдегі кездесулер мен сарапшылар отырыстарын дайындау және басқа міндеттер жүктелді.
Түркі кеңесінің аясында жыл сайын Мемлекет басшыларының кеңесі, Сыртқы істер министрлерінің кеңесі, Аға лауазымды тұлғалар комитеті, Ақсақалдар кеңесі, сондай-ақ экономика, инвестиция, кеден, көлік, білім, туризм, ақпарат және басқа салалардағы мемлекеттік органдары басшылары мен сарапшыларының кездесулері өткізіледі.