Жас ана жұбайының жанында медбике болып қызмет істейді. Жұбайы – тіс дәрігері. Олар алғаш рет ата-ана атанып отыр, балаларға есімдерін атасы қойған.
Үшемдер әрқайсысы шамамен 1000 гр салмақпен мерзімінен бұрын дүниеге келді. Үшемнің ата-анасы №2 Көпбейінді қалалық аурухананың дәрігерлеріне алғыс білдірді.
«Ота жасаған және жалпы №2 КҚА-ның акушерлік блогына үлкен алғысымды білдіремін. Медициналық мекемелерде қолайлы жағдай жасап, заманауи жабдықтармен қамтамасыз еткені үшін және мамандардың жоғары кәсібилігі үшін алғысым шексіз. Сіздердің арқаларыңызда бүлдіршіндеріміз толыққанды өмір сүруге және жарқын болашаққа құқылы болып отыр!», — деді үшемнің анасы Марал Соппек.