ҚМА мәліметінше, аталған ЖШС 2020 жылдан бері жұмыс істеп келеді және криптовалюта биржаларымен ынтымақтасатын компанияның атын жамылып, азаматтардан қаражат жинап келген.
Ал салымшылар санын көбейту үшін ойдан шығарылған жобаларға инвестиция салуды ұсынған.
«Клиентті инвестицияның қауіпсіз екендігіне сендіру үшін ID беру арқылы клиенттің жеке кабинеті тіркелген, салымға тең виртуалды қаражатпен толықтыру мүмкіндігі бар веб-сайт құрылды», — делінген мәліметте.
Азаматтардан жиналған қаражат көлемі 215 млн теңгені құрады.
Сот үкімімен «Sincere Systems» ЖШС басшысы 5 жылға инвестициялық қызметпен айналысуға тыйым салынып, 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.