Өрт сөндірушінің артында әйелі мен екі баласы қалды.
«Төтенше жағдайлар министрлігі қаза болған өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді», — делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
16 қарашада астаналық «Қаһарман» тұрғын үй кешенінде 11-қабаттағы пәтер өртенген. Өрт сөндірушілер дереу үйге жетіп, бес адамды, оның ішінде бір баланы аман алып қалды. Сонымен қатар он адам эвакуацияланды. Оқиғадан кейін екі өрт сөндіруші ауруханаға жеткізілді.
1994 жылы туған Асқар Забикулин 3-дәрежелі күйік алған. Асқар Забикулиннің достары айтқандай, оның денесінің 80%-ы күйген. Дәрігерлер оны комаға жатқызды.
Ол өртеніп жатқан пәтерге терезе арқылы кіру үшін қорғаныш киімін шешкен. Тек камуфляж және бетпердемен жанып жатқан бөлмелерді аралап өткен. Үй ішінен әжесі мен немересін тауып алып, өрттен алып шыққан. Содан кейін көрші пәтерден он жасар баланы құтқарып қалды.
18 қарашада өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына үш бөлмелі пәтердің кілті табыс етілгені белгілі болды.