Шараға 200 тонна өнім ұсынылмақ. Оның ішінде 52 түрлі азық-түлік, жеміс-жидек, көкөніс бар. Мысалы, ет және сүт, шұжық, балық өнімдері, ұн, жарма, май, әрине, жемістер, көкөністер, бал, ұлттық сусындар және т.б. Ал өнімдердің бағасы нарықтағыдан қарағанда 10-15% арзан болмақ.
Егер сауда сәтті болса, 200 млн теңгеден астам кіріс болады.
Жалпы Астанадағы тұрақты жәрмеңкелер жай ғана тауар сатылатын орын емес, сонымен қатар жергілікті өнімнің сапасы мен алуан түрлілігін бағалаудың өзіндік көрсеткішіне айналған.
Биыл Алматы облысынан Елордаға өнім тасымалдайтын көліктердің саны 25-30-дың аралығында.