«Осы жылдың 31 қазанында Астана қаласынан Парламент Сенатының депутатын сайлау туралы қаулы жарияланды. Бекітілген күнтізбеге сәйкес, кандидаттарды ұсыну осы жылдың 1-25 қараша аралығында болады. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 71-бабына сәйкес, кандидатура мәслихаттың сессияларында және өзін-өзі ұсыну тәртібімен өткізіледі», — деді қалалық мәслихаттың хатшысы Ерлан Каналимов.
Осыдан кейін «Amanat» партиясы атынан мәслихат депутаты болып сайланған Азамат Айтхожин сөз сөйлеп, Сенат депутаттығына Ерлан Сыдықовты ұсынды.
Бұл ұсынысты «Ақ жол» партиясының өкілдері де қолдап, мәслихат депутаттары сенаторлыққа Ерлан Сыдықовты лайық деп тапты.