Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин мен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары болып тағайындалды, олар бұрынғы атқарған қызметтерінен босатылды.
Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылып, орнына Ержан Сапарбекұлы Сәденов келді.
Ал жаңадан құрылған Көлік министрлігіне басшы болып Марат Кәрімжанұлы Қарабаев тағайындалса, тағы бір жаңа сала — Мәдениет және ақпарат министрлігінің басшылығына Аида Ғалымқызы Балаева келді.
Аталғандардан бөлек, Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Абайұлы Шаққалиев Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды.