Министрдің айтуынша, былтыр 4 мың адам АИТВ инфекциясымен ауырған, ал 2021 жылы 3,5 мың жаңа дерек тіркелген.
«Алматыдағы жағдайға қатысты ақпарат түсті. Ол жаққа комиссия жіберілді. Біз аурухана ішінде жұқтыру болмас үшін жұмыс істеп жатырмыз. Тексеріс аяқталған соң толық ақпарат береміз. Қазір толық эпидемиологиялық тексеру жүргізудеміз. Инфекцияның қайдан шыққаны, қалай жұққаны анықталады. Аурухана ішінде инфекцияны жұқтыруға жол бермеуіміз керек. Министрліктің, комитеттің ең үздік мамандары Алматыға жіберілді», — деді Ажар Ғиният Сенат кулуарында.
Бұған дейін Алматыдағы орталық ауруханада науқастар АИТВ жұқтырғанын хабарланған еді.