Білім сапасы бойынша 5 облыстың көрсеткіші республикалық деңгейден төмен.
«Халықаралық зерттеулердің нәтижесі Қазақстандағы білім сапасы ЭЫДҰ елдеріндегі орташа деңгейден қалыс қалып отырғанын көрсетті. Әлі де ауылдағы және қаладағы білім сапасында айырмашылық бар. Білім сапасы бойынша Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан және Алматы облыстары республикалық деңгейден төмен», – деді Алтай Көлгінов.
Премьер-Министрдің айтуынша, жаңа мектеп салу қарқыны демография мен халықтың көші-қонының соңынан үлесе алмай келеді. Әсіресе, үлкен қалаларда. Қазір мектептерде 268 мың оқушы орны жетіспейді. Үш ауысымды – 143 мектеп, апатты жағдайда – 52, ағаштан және саманнан салынған 300-ден астам мектеп бар. 4 мыңға жуық педагог мамандарға тапшылық бар.