«Апорт бойынша Қазақстанға географиялық көрсеткішті тіркегенімізді қуана хабарлаймын. Оның Алматыда, Қазақстанда шыққанын географиялық тұрғыда көрсетіп, бекіттік. Бұл жұмыс 2023 жылдың 13 қазанында істелді. Қазір апортты халықаралық бренд ету жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ол үшін құзырлы қауымдастық Франция, Польша секілді дамыған елдерге жергілікті алманы экспорттау үшін материалдарды жеткізіп жатыр», — деді Есқараев.
Еске салайық. Осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматының алмасы әлемге танымал ұлттық брендке айналуы керегі жайлы айтқан еді.