«Нұрдәулет Мықтыбекұлы Сүйіндіков Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды», — делінген құжатта.
Нұрдәулет Сүйіндіков еңбек жолын 2000 жылы Шымкент прокуратурасының құқықтық статистика және ақпарат жөніндегі маманы қызметінен бастады. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы прокурорының аға көмекшісі, Шымкент прокуратурасының бөлім прокуроры, бөлім бастығы қызметтерін атқарды.