Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Саясат

Әлихан Смайылов министрліктерге жол бойындағы өлім-жітімді азайтуды тапсырды

Премьер-Министр Әлихан Смайылов елімізде жол қауіпсіздігін қамту мәселелеріне тоқталып, министрліктерге бірнеше міндет жүктеді.

03.10.2023
Саясат

«Жол қауіпсіздігін арттыру, жол апаттары мен өлім-жітім деңгейін азайту жөніндегі жүйелі шараларды әзірлеу біздің басты міндет. Жол бойындағы өлім-жітімді азайту керек. Осыған байланысты мынадай тапсырмалар беремін. Біріншіден, Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, әрбір өңір бөлінісінде жол апаттарына жан-жақты талдау жүргізу қажет», — деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Үкімет басшысы жүктеген келесі тапсырма талдау негізінде және жергілікті жағдайларды ескере отырып, жол апаттары жиі болатын учаскелерде қадағалауды күшейту және қажетті шаралар қабылдау қажет.

«Сондай-ақ, көлік жүргізушілердің өз бетінше үйрену мәселесін пысықтау қажет. Бұл қадам тиісті нәтиже берген жоқ. Цифрландыру министрлігімен бірлесіп, жүргізуші куәлігін алуды қатаңдату керек. Екіншіден, өткен аптада біз қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2028-ші жылға дейінгі тұжырымдамасын қарастырдық, онда жол қауіпсіздігінің тұтас блогы көзделген», — дейді ол.

Сондай-ақ, Әлихан Смайылов жаңа тұжырымдаманың орындалу барысы тұрақты бақылауда болуы тиіс екендігін ескертті.

Тегтер: Әлихан СмайыловҚР Үкіметі

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz