«Республикалық конкурс комиссиясының отырысы өтті. Гранттардың басым көпшілігі педагогикалық және инженерлік ғылымдар, сонымен қатар «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» салаларына бөлінді. Комиссия шешімімен 4000-нан астам талапкер мемлекеттік білім грантының иегері атанады», — делінген министрлік хабарламасында.
Грант иегерлерінің тізімдері 2023 жылдың 28 қыркүйегінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және https://t.me/gylym_jogary_bilim Телеграм-каналында жарияланады.
Ал грант сертификаттарын https://certificate.testcenter.kz/ сілтемесі бойынша Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан жүктеп алуға болады.