Бүгінгі таңда қолданыстағы заңнама шеңберінде инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларының кең спекторы қолданылады.
«Инвестициялық келісімшарт щеңберінде басым секторларда жұмыс істейтін компаниялар салықтар мен кедендік БАЖ- дан босатылады, заттай грант алады. Ірі инвесторларды тарту үшін қолданыстағы мемлекттік қолдау шараларының кез келгенін ұсына отырып, жеке шарттармен инвестиция туралы келісім жасасу мүмкіндігі көзделген. Бұл ретте инвестор үшін қарсы міндеттемелер белгіленеді. Сондай-ақ инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасу мүмкіндігі енгізіліп, онда салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік береді» деп атап өтті Үкімет басшысы.
Оның айтуынша, мұнай-газ саласына қосымша инвестиция тарту мақсатында 2023 жылдан бастап жақсартылған модельдік келісімшарт жасасу кезінде фискалдық ынталандыру енгізілді.
Бірқатар шетелдік кәсіпорындарды Қазақстанға релокациялау бойынша жұмыс шеңберінде бүгінде 35 ірі шетелдік компания елімізге көшіп келді.
Осы бағыттағы жұмыс одан әрі пысықталуда.
«Қабылданған шаралардың арқасында 2022 жылы тікелей шетелдік инвестия көлемі 28 млрд доллар. Бұл — 10 жыл ішіндегі рекордтық көрсеткіш. Жалпы былтыр негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 15,1 трлн теңгені құрады. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 35%-ке көп» деп түйіндеді Әлихан Смайылов.