«Су тасқыны жағдайының қолайсыз кезінде су басу аймағында 255 елді мекен болуы мүмкін, бұл 127 мыңнан астам үй және 700 мыңнан астам азамат», — деді министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, 2023 жылғы су тасқыны кезеңінен қауіпсіз өтуге дайындық аясында биліктің барлық деңгейінде үлкен жұмыс жүргізілді.
«Оңтүстік аймақтарда қар еруінің басталуына санаулы күн қалды. Қазір барлық күш-жігер алдын алу шаралары мен су тасқынына дайындыққа бағытталған. Биылғы екі айда 15,1 шақырым уақытша бөген салынды, 24 шақырымға жуығы жөнделді, 16 шақырымнан астам уақытша бөген, сондай-ақ елді мекендердің айналасында 41 шақырым білік тұрғызылды», — деді спикер.
Сонымен бірге 5 мың шақырымға жуық каналдар мен арықтар, автомобильдер және темір жолдар астында 8,5 мыңнан астам су өткізу құрылыстары тазартылды.
Халықпен 2 мыңнан астам жиын өткізілді, 55 мыңнан астам ұсыным таратылған.
«Биыл су тасқыны қардың көп болуына және топырақ қабатының қатты тоңазуына байланысты ауқымды болатын түрі бар. Өңірлерде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық комиссиялардың 114, оның ішінде 31 жоспардан тыс отырысы өткізілді. Полиция бөлімшелерімен бірлесіп, елді мекен аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу фактілерін анықтау бойынша рейдтік шаралар басталды және жүргізілуде, бұл дренаждық және арық жүйелерін ұстау, қар шығару, адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту», — деді Юрий Ильин.