Бұл туралы министр елордада өтіп жатқан Жоғары білім және ғылым министрлігінің форумындағы баяндамасында айтты.
«Студенттердің шәкіртақысы 2025 жылға дейін екі есеге өседі. Яғни 26 мың теңгеден 52 мың теңгеге дейін. Соңғы 3 жылдың өзінде университетте оқитын студенттің оқу ақысы 420 мың теңгеден миллион теңгеге дейін өсті. Бұл шамамен 2,5 есе», — деді министр
Дүйсенова алдағы уақытта шәкіртақыны төлеу автоматтандырылатынын айтты.
«Шәкіртақыны уақытында төлеу барысы Қаржы орталығы арқылы орталықтандырылған. Бұл процестің барлығы цифрландырылады. Ол университет пен министрліктің ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады», — деп айтты Үкімет мүшесі форумда.