Үкімет басшысының айтуынша, бүгінде мемлекеттің зейнетақы бағдарламасына жұмсаған шығыны 3 триллион теңгеден асады.
«1 миллионнан астам адам зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге пайдалану құқығын пайдаланды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әйелдердің зейнеткерлік жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып белгіленді. Осыған байланысты қосымша шығындар 800 млрд теңгеден астам соманы болып отыр», — деді Әлихан Смайылов.
Ол биыл азаматтарға зейнетақы жинақтарын басқару құқығы берілгенін атап өтті.
Салымшылар өз бетінше таңдаған жеке басқарушы компанияларға жинақталған зейнетақы қаражатының 50 пайызын аудара алады.
Сонымен қатар, Премьер-Министр атап өткендей, биылғы жылдың басында Үкімет цифрлық отбасы картасын енгізді.
«500 мыңнан астам қазақстандық проактивті әлеуметтік қолдауға ие болды», — деді Премьер.