ТЖМ мәліметінше, бірінші жағдай Қарағанды облысының Шахтинск қаласында болған. 5 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтердің терезесінен екі жасар қыз бала құлап түскен. Жарақат алған бала ауруханаға жатқызылған.
Ал екінші жағдай Семейде болған. Онда 3 жасар қыз бала екінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылған. Екі жағдайда да балалар ересектердің қарауынсыз қалған.
Осыған байланысты ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады:
- кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған;
- балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.