Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ақпаратына сүйенсек, белгісіз адам ай-күні жетпей туған сәбиді №2 облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен. 20-21 апталық қыздың өлі денесі қорапшада болған.
«Оқиға 7 мамырда сағат 21:00 шамасында болды. Нәресте табылған соң бірден полиция қызметкерлері шақырылды. Оқиға болған жер тексеріліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды», — деп жазылған ақпаратта.