Бұрынғы төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаевтың 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы өзгертілді, деп хабарлайды alataunews.kz.
2024 жылдың тамызында Ибрагим Күлшімбаевтың Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық бағынысты мекемелеріне заңсыз әскери қызметкерлер мен арнайы техниканы құрылысқа тарту туралы тапсырма бергені анықталды. Бұл әрекеті үшін ол өз өкілетін асыра пайдаланды деп танылып, сот шешімімен мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметтерде өмір бойы жұмыс істеуге тыйым салынған болатын. Сонымен қатар, оған бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған еді.
Алайда, 2024 жылғы 25 қыркүйекте әскери соттың апелляциялық инстанциясы үкімді қайта қарап, Күлшімбаевтың жазасын үш жыл бас бостандығын шектеуге өзгертті, деп хабарлады әскери соттың баспасөз қызметі.