Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Ұлттық мейрамына орай Король Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен тақ мұрагері, Премьер-министр Мұхаммед бен Салман Әл Саудты және барша сауд халқына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды alataunews.kz.
Жеделхатта Президент Сауд Арабиясын саяси тұрақтылығы мен экономикалық жетістіктері арқылы алға шыққан мемлекет ретінде атап өтіп, оны Қазақстанның Таяу Шығыстағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі деп бағалады.
Сонымен қатар, Тоқаев екі ел арасындағы достық пен бауырластыққа негізделген ынтымақтастықтың одан әрі нығаятынына және халықтардың игілігі үшін дами беретініне сенім білдірді. Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының басшыларына жауапты қызметтерінде табыс, ал сауд халқына құт-береке тіледі.