Top.Mail.Ru
Воскресенье, 1 февраля, 2026
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Home Без рубрики

Алматы облысында салық түсімі төрт жылда екі есеге жуық өсті

Соңғы төрт жылда Алматы облысында экономикалық өсім орнықты сипат алып, өңірдің қаржылық дербестігі айтарлықтай нығайды, деп хабарлайды alataunews.kz.

by Қорлан Нұрланқызы
31.12.2025
in Без рубрики

Аймақтық бюджетке түсетін салық көлемі екі есеге жуық артса, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны үш есеге жуық қысқарған. Бұл үрдіс халық табысының өсуін, жұмыспен қамту деңгейінің артқанын және кәсіпкерлік белсенділіктің кеңейгенін көрсетеді.

Бүгінде облыс өз кіріс көздерін күшейтіп, бюджетаралық тәуелділікті біртіндеп төмендетіп келеді. Экономикалық даму ішкі әлеуетке сүйенген жаңа сапалық кезеңге өткен.

Салық түсімі тұрақты өсім көрсетуде

2024 жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысы дотациялық өңірлер арасында салықтық түсім көлемі жөнінен алдыңғы қатардан көрінді. Егер 2021 жылы бюджетке 317,3 млрд теңге түскен болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 520,5 млрд теңгеге жеткен. Ал 2025 жылға арналған болжам 630 млрд теңгеден асады. Осылайша, бірнеше жыл ішінде салықтар мен міндетті төлемдердің көлемі айтарлықтай ұлғайған.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, бұл өсім инвестициялар ағыны мен жаңа өндірістердің іске қосылуы нәтижесінде қалыптасқан. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, өңірде өнеркәсіп, қайта өңдеу, логистика және туризм салаларында ірі отандық әрі халықаралық компаниялардың қатысуымен жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл өз кезегінде тұрақты жұмыс орындарын ашып, ұзақ мерзімді салық базасын қалыптастыруға мүмкіндік беруде.

Экономиканың аумақтық құрылымы да едәуір өзгеріске ұшырады. Әкімшілік қайта ұйымдастырудан кейін донор аумақтардың саны екіден беске дейін өсті. Қарасай мен Іле аудандарына Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары және Қонаев қаласы қосылды.

2025 жылы аталған аумақтардан облыстық бюджетке 297,8 млрд теңге түскен. Ал облыстық бюджеттен бес ауданға бөлінген қолдау көлемі 9,6 млрд теңгені құрады. Келесі жылы Жамбыл ауданы мен Алатау қаласының да донор аймақтар қатарына енуі күтіліп отыр.

Аудандардың экономикалық мамандануы қалыптасты

Қарасай ауданы өңірдегі негізгі еңбек нарықтарының біріне айналып, мұнда өндірістік-логистикалық белдеу дамуда. Ауданда өнеркәсіп пен креативті индустрия нысандары, соның ішінде Нью-Йорк киноакадемиясының филиалы жұмыс істейді.

Іле ауданында қайта өңдеу мен қойма инфрақұрылымы күшейтілсе, Талғар ауданы логистика, туризм және спорт саласын дамытуға басымдық беріп отыр. Мұнда Atlético de Madrid Kazakhstan футбол академиясы жұмысын бастады. Еңбекшіқазақ ауданында агроөңдеу мен ауыл шаруашылығы кооперациясы негізгі бағытқа айналған.

Ал Ұйғыр ауданы жеміс шаруашылығы бойынша елдегі жетекші өңірлердің бірі саналады. Мұнда республикадағы барлық өрік бақтарының шамамен 60 пайызы, яғни 2,2 мың гектар алқап орналасқан. 2025 жылы 4 мың тоннаға жуық өнім Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан нарықтарына экспортталған.

Инвестиция және жаңа жұмыс орындары

Инвестициялық белсенділік те өңір экономикасының серпінін айқындай түсті. 2025 жылы Алматы облысында жалпы құны 228,6 млрд теңгені құрайтын 19 жоба іске асырылып, шамамен 7 мың жаңа жұмыс орны ашылған. Ал 2022 жылдан бері өңірде 240 мыңнан астам жұмыс орны құрылған, олардың басым бөлігі тұрақты жұмыспен қамтуға тиесілі.

Қонаев қаласы өңір экономикасының маңызды орталықтарының біріне айналды. Мұнда 30 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған агроөңдеу кәсіпорны іске қосылып, 300-ден астам жұмыс орны ашылған. Сонымен қатар құны 100 млрд теңгеге дейін жететін жаңа жоба пысықталуда. Solico Group компаниясы жылына 200 мың тонна сүт өнімін өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр, инвестиция көлемі — 33,1 млрд теңге.

2025 жылы Алатау қаласы өз кіріс базасын қалыптастырып, қаржылық дербестікке қол жеткізді. Қалада Орталық Азиядағы ең ірі ашық мұз айдыны пайдалануға берілді. Арнайы экономикалық аймақ аясында инвестиция көлемі 125 млрд теңгеден асатын төрт логистикалық және өнеркәсіптік жоба іске қосылып, мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

Экономикалық даму әлеуметтік саланың дамуына да серпін берді. Бір жыл ішінде облыста 36 медициналық нысан, 17 мектеп және шамамен 1 700 тұрғын үй пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде 875 мыңға жуық тұрғынның, әсіресе ауылдық және қала маңындағы елді мекендерде тұратын халықтың базалық қызметтерге қолжетімділігі артты.

Әлеуметтік әсер де айқын байқалады. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 57,4 мыңнан шамамен 19 мың адамға дейін қысқарған. Бұл өңірде жұмыспен қамту деңгейінің және халық табысының өскенін көрсетеді.

Өңір басшылығының пайымдауынша, қазіргі қарқын сақталып, ірі жобалар толық іске асқан жағдайда Алматы облысы 2029 жылға қарай донор аймақтар қатарына өтуі мүмкін. Ал 2025 жылдың қорытындысы бұл мақсаттың нақты экономикалық негізі бар екенін көрсетіп отыр.

Tags: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Ұсынымдар

Алматы облысының мұғалімі республикалық педагогикалық хакатонда жеңіске жетт

29.01.2026

Нипах вирусы: қазақстандықтарға қауіпті елдерге бармауға кеңес берілді

29.01.2026

Тоқаев баспасөз хатшысын ауыстырды: Айбек Смадияров тағайындалды

29.01.2026

Алматы облысында жалған әкімдік шешімдері арқылы жер бөлінген

29.01.2026

Қонаевта нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелері талқыланды

29.01.2026

Алматы облысында еңбек адамдары марапатталды

29.01.2026
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Рус

© 2022-2024 www.alataunews.kz