9 желтоқсан күні сағат 19:20 шамасында Талғар ауданының аумағында қару сақталған орын табылды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.
Тексеру барысында 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, 5.6 калибрлі қолдан жасалған мылтық, травматикалық және пневматикалық тапаншалар, Калашников автоматы мен жауынгерлік және жарық-шу гранатасы тәркіленді.
Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.