Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Архив Сайлау-2023

Жалдамалы қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек құқығын қорғайтын жаңа Еңбек кодексі қажет — «Қазақстан Халық» партиясы

"Қазақстан Халық" партиясы қоғамдық бірлестігі – социалистік идеология мен солшыл идеяларды қолдайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті бірлестігі.

01.03.2023
Сайлау-2023

ҚХП жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік биліктің өкілетті және орындаушы органдарының жұмысына қатысу арқылы әлеуметтік әділдік пен саяси теңдікке жетуге пейілді халық мүддесіне өкіл болу мақсатында еңбекшілердің, жұмыссыздардың, зейнеткерлер және жастардың саяси еркін білдіреді.Қазақстан Халық партиясы әлеуметтік әділетті қоғам құру стратегиясына адалдық танытады.

Халық партиясы қолданыстағы антихалықтық Еңбек кодексіне қарсы. Жаңа Қазақстанға – жалдамалы қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек құқығын тиісінше қорғайтын жаңа Еңбек кодексі қажет деп біледі. Әрбір адамның медицинаға, білімге қолы жетіп, құқығы толық қорғалатын әділетті Қазақстанды қалайды. Партия Қазақстанның әрбір азаматы тегін медициналық қызмет алуға құқылы екенін алға тартады және дәрігерлер мен мұғалімдер, қарапайым жұмысшылар лайықты жалақы алуға тиіс деп санайды.

«Қазақстан Халық» партиясы еңбек қатынастарын тұрақтандыруды және еңбек адамының құқығын қорғауды қолдайды», – деді партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаев.

Қазақстан Халық партиясының мақсаты – шынайы халық үкіметі, әлеуметтік әділеттік, рухани бостандық пен ғылыми-техникалық ілгерілеу және ғылыми-техникалық қағидаттар негізінде өркендеген экономика қоғамына ұмтылу, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құруға қол жеткізу. Елдің негізгі заңында оның ең жоғары құндылықтары – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы деп белгіленген.

Соның іс-жүзінде жүзеге асуына ықпал ету. Бұл ретте Халық партиясы барлық жастардың тегін кәсіптік және жоғары білім алуын жақтайды. Жеке колледждер, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттеріне ең төменгі жалақы (70 мың теңге) мөлшерінде шәкіртақы тағайындау қажеттігін құптайды.

Мемлекет жастарға молынан инвестиция салса, соғұрлым сауатты, білімді болып, жақсы өмір сүретінін алға тартады.

Тегтер: Қазақстан Халықпартиясайлау

Соңғы жаңалықтар

В окрестности Конаева пожарные тушат возгорание камыша

Николай Иващенко
09.04.2026

В Казахстане могут принять закон об амнистии до конца июня

Николай Иващенко
09.04.2026

После землетрясения были проверены все русла рек и гидротехнические сооружения Алматинской области

Николай Иващенко
09.04.2026

В Алматинской области стартовал конкурс «Тайқазан – 2026»

Николай Иващенко
09.04.2026

В Алматинской области за год открыли 44 новых медицинских объекта

Николай Иващенко
09.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz