Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Архив Сайлау-2023

«Respublica» партиясының Көкшетаудағы жиындарына 1000-ға жуық адам қатысты

Елдің солтүстігінде сайлауалды тур жалғасуда. Respublica партиясының командасы Ақмола облысына келді. Бұл – науқан кезеңінде Қазақстанның 14-ші аймағы.

07.03.2023
Сайлау-2023

Көкшетау қаласында жалпы халықпен, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен, еңбек ұжымдарымен және Іскер әйелдер қауымдастығымен кездесулер өтті. Іс-шараларға барлығы 1000-ға жуық адам қатысты.

«Қазір университеттер мен бизнестің әртүрлі кеңістікте екенін көріп отырмыз. Бизнес өкілдері жоғары оқу орындарының қамқоршылық кеңестерінде болып, болашақ мамандарды даярлау бағдарламаларын реттеуі қажет. Бұл шара орта мерзімді перспективада білім сапасы мен елдің кадрлық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді», — деді партия төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Айдарбек Қожаназаров.

Ол «Тыныс» АҚ ұжымымен кездесу барысында жоғары білікті мамандарды даярлау үшін бизнес пен жоғары оқу орындарының белсенді ынтымақтастығы қажеттігін атап өтті.

Партияның тең төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Динара Шүкіжанова облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының өкілдерімен кездесуінде қазақстандық қоғамда әлі күнге дейін әйелдермен байланысы бар стереотиптер тақырыбын көтерді.

Сондықтан, Respublica партиясының тең төрағасы қазақстандық қоғамдағы көшбасшы әйелдерге деген көзқарасты өзгерту қажет деп санайды. Шүкіжанованың Парламенттегі әйелдер үлесін арттыруды талап етуінің бір себебі де осында.

Еске салайық, науқанның екі аптадан сәл астам уақытының қорытындысы бойынша Respublica партиясының мүшелері Астана, Алматы, Талдықорған, Шымкент, Қонаев, Тараз, Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Орал, Ақтөбе, Орал, Петропавл қалаларын, сондай-ақ бірқатар ауылдық елді мекендерін аралады.

Осы уақытқа дейін 153 мыңға жуық қазақстандық партия қатарына өтуге өтініш білдірген.

Ертең партиялықтар сапарын Павлодар қаласында жалғастырады.

Тегтер: RespublicaКөкшетауүгіт-насихатхалықпен кездесу

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz