Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Архив Сайлау-2023

ҚХП әйелдер теңдігін қолдайды

Әйелдер қауымы нені қалайды? Дәл осы тақырыпты халықаралық әйелдер мерекесі аясында «Халық микрофоны» хабарына қатысқан Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар Гаухар Танашева, Найля Аппасова, Балжан Досмұхамбетова, Ольга Березуцкая және Жанат Бастаубаева талқылады.

09.03.2023
Сайлау-2023

Көпбалалы ана Гаухар Танашева әйелдердің қоғамдағы рөліне тоқталды.

«Ұрпақ тәрбиесімен айналысып отырған жандардың өзекті мәселесін біз ғана түсінеміз. Олар бірінші кезекте ұл-қыздарының шаңырақ көтергенін қалайды», – деді Гаухар Танашева.

Өз кезегінде Найля Аппасова «Қазақстан Халық» партиясы көпбалалы, жалғызбасты және мүгедек балалардың аналарын қолдайтынын жеткізді.

«Біздің партия көпбалалы отбасыларды қолжетімді баспанамен қамту мәселесін шешуді көздеп отыр», – деді ол.

Шара шеңберінде бизнес тақырыбы да тілге тиек етілді. Студия қонақтары партияның тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын қосымша құн салығын алып тастау және 5% көлеміндегі бірыңғай айналым салығын енгізу бастамасын қолдады. Олардың пікірінше, бұл тәсіл бухгалтерлік есепті айтарлықтай жеңілдетеді, салық мәселесін шешіп, ел бюджетін еселейді.

Мерекелік хабардың негізгі өзегі гендерлік саясат болған соң спикерлер әйел теңдігін терең қаузады. Ата заңымызда ешкімді жынысы мен нәсіліне қарап кемсітуге болмайтыны айтылған. Алайда қатысушылар сөз бен іс үйлеспей жатқанын жариялады.

«Ер мен әйелдің білімі мен еңбегі бірдей болса да, әйелдердің жалақысы төмен және мансаптық өсу мүмкіндігі аз», – деді олар.

Тегтер: әйел теңдігіҚХПХалық микрофоны

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz