Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Архив Сайлау-2023

ОСК партиялық тізім бойынша сайланатын кандидаттарды тіркеу қорытындысын шығарды

Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдер бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындыларын жариялады.

18.02.2023
Сайлау-2023

«Бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де тіркеу кезеңі аяқталады. Сонымен қатар, 15 ақпанда Парламент Мәжілісіне сайлау бойынша ұсынылған барлық 7 саяси партияның партиялық тізімдері бойынша тіркеу аяқталды. Кандидаттарды бір мандатты округтер бойынша тіркеу 20 өңірдің әрқайсысында жергілікті уақыт бойынша 18:00-ге дейін жалғасатын болады», — деді ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.

Сондай-ақ ол партиялық тізім негізінде 69 депутат сайланатынын жеткізді.

«Барлық 7 партияның съездерінде партиялық тізімге 283 кандидат енгізілді. Тіркеу кезеңінде әр саяси партияның өкілдері қаралды. Біз барлық 7 партияның тізімін толық зерделедік», — деді ОСК төрағасының орынбасары.

Осылайша:

  • Қазақстан халық партиясынан – 52,
  • «Ақ жол» демократиялық партиясынан – 54,
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан — 19,
  • «Байтақ» жасылдар партиясынан – 18,
  • «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясынан – 25,
  • «Amanat» партиясынан – 90,
  • «Respublica» партиясынан – 23 кандидат тіркелді.

Сонымен қатар, соңғысынан 2 кандидат өздері берген өтінішке сәйкес, партиялық тізімнен шығарылды.

«ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының 69 мандатына үміткер саяси 7 партияның тізіміне 281 кандидат енгізілді. Әрбір саяси партия әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың қажетті көлемін сақтайды. Осы үш санатқа жататын кандидаттардың барлық партиялық тізімдерде ұсынылу мөлшері — 38,1%. Үміткерлердің орташа жасы — 45,7. 19 үміткер 29 жасқа дейінгі жастар болса, 80 әйел кандидат ұсынылды. Бұл жалпы санның 28,5%-ын құрайды. Сонымен қоса, 201 ер адам ұсынылды. Тізімге 12 ұлттың өкілдері енгізілген», — деп қорытындылады Константин Петров.

Тегтер: Басты жаңалықтармәжіліспартиясайлау

Соңғы жаңалықтар

Снайперы ССО стали лучшими на Кубке Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Профилактические кабинеты открыты в Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Михаила Шайдорова встретили в Астане

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области открыли класс юных полицейских

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области прошел масштабный концерт в поддержку новой Конституции

Николай Иващенко
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz