Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Архив Сайлау-2023

Зиянды өндірісте істейтін жұмысшыларды зейнетке ерте шығару қажет

Сонымен қатар олардың жалақыларын көтеру қажет.

17.03.2023
Сайлау-2023

Бұл туралы «Халық микрофоны» хабарына қатысқан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Асылбек Нұралин мен Талғат Темірханов айтты. Хабарды ҚХП төрағасының орынбасары, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Асхат Асылбеков жүргізді.

Қазақстан экономикасының жалпы ішкі өнімінің 10 пайзын тау-кен металлургия саласы құрайды. Ауыр және зиянды салада 200 мыңнан астам жұмысшы еңбек етеді. Студия қонақтары осы еңбеккерлердің проблемаларын тілге тиек етті.

«Халық партиясы жалдамалы жұмысшылардың, қызметкерлердің әлеуметтік құқығын қорғау жолында еңбек етіп келеді. Біз қуатты орта таптың қалыптасуын қолдай отырып, табиғи шикізатты – мұнай-газ, мұнай-химия, тау-кен металлургиясын өндіру және өңдеу саласы еңбеккерлерін де назардан тыс қалдырмаймыз», – деді Асылбек Нұралин.

Сондай-ақ, ол ауыр, зиянды немесе қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерді 50-55 жастан зейнетке шығару маңызды дегенді айтты. Өйткені ауыр еңбек жағдайында адам ағзасы әлсірейді және адамдардың дені 63 жасқа дейін өмір сүруі қиын. Сондықтан оларды зейнетке ерте шығару қажет.

Хабарда жұмысшылардың төмен жалақы алатыны айтылды. Спикердің айтуынша, мемлекет еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру керек. Озық елдердің тәжірибесін пайдалана отырып, еңбекақы төлеу жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіретін уақыт жетті.

«Қызметкерлердің нақты табысын ұлғайту мақсатында қазіргі уақытта ең төменгі жалақы деңгейін арттыру қажет. Ол бүгінгі күні небәрі 70 мың теңгені құрайды. Еліміз үшін бұл өте төмен көрсеткіш деп есептейміз», – деді Талғат Темірханов.

Сондай-ақ партия өкілдері кәсіподақ ұйымдарының жұмысына да тоқталды.

«Біз кәсіподақтар туралы жаңа заң әзірлеп, Халықаралық Еңбек Ұйымының (ХЕҰ) негізгі конвенцияларына қол қоюды қолдаймыз. Тәуелсіз кәсіподақтар – еңбек қатынастарындағы әлеуметтік әділеттіліктің негізі. Барлық заңнамалық актілерге тексеру жүргізіп, оларды ҚР қолданыстағы Конституциясына сәйкес келтіру қажет. Қызметкерлердің нақты табысын арттыру мақсатында еңбек заңнамасына өзгеріс енгізу керек», – деді Асылбек Нұралин.

Хабардың толық нұсқасын мына сілтемеден көре аласыздар:https://www.youtube.com/watch?v=mBdyv8-ITEI

Тегтер: зейнет жасхалық партиясы

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz