Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Архив Сайлау-2023

Ауылдарда көпбалалы отбасылар үшін тегін тұрғын үй салу керек

Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Гаухар Танашева сайлауалды үгіт-насихат жұмысын Сыр елінде жалғастырды.

05.03.2023
Сайлау-2023

Спикер қызылордалық көпбалалы аналармен кездесіп, Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Халық партиясы балабақшадан бастап қазақстандықтарға медициналық қызмет көрсету мен білім беруді тегін етуді қолдайды.

Кандидат Гаухар Танашева мемлекет балалардың өмірін құтқаратын және тәрбиелейтін барлық мамандарға лайықты жалақы төленуі тиіс деген пікірде. Сондай-ақ, ол еліміздегі көпбалалы аналар мәселесін тарқатып айтты.

«Мен ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған және жалғызбасты аналардың мәселесін жақсы білемін. Олардың жанайқайына биліктегілер құлақ аспай келеді. Сондықтан Халық партиясы Үкіметке ауылдық жерлерде көпбалалы отбасылар үшін тегін тұрғын үй салудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді талап етеді. Біздің партия атаулы әлеуметтік көмектің орнына әр балаға ең төменгі жалақы 70 мың теңге көлемінде жәрдемақы төлеуді қолдайды», – деді спикер.

Бұдан кейін әлеуметтік саладағы қордаланған мәселелер де айтылды. ҚХП Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Қанатбек Маханов ауылдық жерлерді және ауылшаруашылық саласын дамыту, таза су, жарық, жол мәселесін тілге тиек етті. Жиын соңында көпбалалы аналар көкейіндегі сауалдарын жолдап, тұщымды жауап алды.

Тегтер: Гаухар Танашевакөпбалалы отбасытұрғын үйүгіт-насихат

Соңғы жаңалықтар

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Тоқаев бірнеше заңға қол қойды

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Тоқаев Таяу Шығыстағы бітімге қатысты мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Алматы облысында сирек кездесетін түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

АҚШ Иранға соққыларды уақытша тоқтатады: Трамп мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz