Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Архив Сайлау-2023

«Ауыл» партиясының көздегені — ауылға ерекше назар аудару

«Ауыл» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Болатбек Қыстауов, София Әбдіразақова, Ілияс Досқожаев, Нұркен Қаржаубаев және түрлі деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға кандидаттар Қызылорда облысының сайлаушылармен кездесті.

15.03.2023
Сайлау-2023

«Ауыл» партиясы мен «Мансап» жекеменшік мектебі Қызылорда қаласында ауыл ұстаздарын қолдау мақсатында шара ұйымдастырды. «Білімді ұрпақ ауылдан» деп аталған осы жиынға «Ауыл» партиясынан Мәжіліс депутаттығына және түрлі деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға кандидаттар қатысты. Жиында жас педагогтерді ауыл мектептеріне жұмысқа тарту, ауыл мектептерінің ақпаратқа қолжетімділігін арттыру мәселесі талқыланды.

«Бүгінгі ауыл мен қала арасында бірден көзге көрінетін айтарлықтай әлеуметтік алшақтық бар. Қала мұғалімдерінде білімін дамыта алатын мүмкіндік мол. Ауыл және қала жастарына берілетін мүмкіндіктер арасы да жер мен көктей. Жастар болашағын өз ауылымен байланыстыру үшін алдымен тұрақты жұмыс, лайықты еңбекақы, өмір сүруге қолайлы инфрақұрылым, жол, су, газ проблемасы шешілу керек. «Ауыл» партиясының көздегені – ауылға ерекше назар аудару. Ауыл мен қала арасындағы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларының қызметтері сапасындағы айырмашылықты айтарлықтай қысқарту. «Дипломмен — ауылға!», «Ауылға кел, жас маман!» бағдарламасын қайта қарау және оған заман талабына, жастар мүддесіне сай түзетулер мен толықтырулар енгізу. Ауылдарда жастарға арналған шаралар өткізетін, ұйымдастыратын орталықтар мен мәдениет үйлерін, спорт секцияларын ашуға бастамашы болу. Біздің партия Мәжіліске осы аталған мәселелердің түйінін тарқатып, жүзеге асыру үшін барады. Сіздер қолдап біз Мәжіліске барып жатсақ, тізе қоссақ алынбайтын асу болмайды. Сайлауда бізді, «Ауыл» партиясын қолдаңыздар!», – деді жиынға қатысушылар алдында сөз сөйлеген аталған мектеп құрылтайшысы, «Ауыл» партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат София Әбдіразақова.

Тегтер: Ауыл партиясыҚызылордахалықпен кездесу

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz