Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Архив Сайлау-2023

«Ауыл» партиясынан ұсынылған кандидаттар Ақтөбе облысына барды

«Ауыл» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне кандидат Серік Егізбаев, Ерболат Саурықов, Болатбек Қыстауов, Ілияс Досқожаев пен жергілікті жердегі мәслихатқа кандидаттар Ақтөбе облысына барды.

10.03.2023
Сайлау-2023

Олар «Айбек» ауыл шаруашылығы кооперативі ұжымымен кездесті.

Ауыл шаруашылығының үлкен көлемдегі аумағы еліміздің батыс өңірінде. Бірақ олар шашыраңқы орналасқандықтан өнімдерін өңдеу орындарына жеткізу өте қиын. Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімі шикізатын өңдеуді әлі толық иегере алмай жатқанының бір себебі – осы. Әр ауданда кем дегенде бір өңдеу мекемесі болу керек.

«Ауыл» партиясының мақсаты – шаруашылық өнімдерін өңдеп, сауда-саттық орындарына делдалсыз жеткізу. Ол дегеніміз – қосымша пайда. Өнім шикізат күйінде сатылса ол болмайды. Қайда өңдеу кәсіпорындары сол үшін керек.

Олар ойдағыдай жұмыс істеп, нәтиже көрсетуі үшін мемлекет оған аямай қаржы салып, көп көлемде инвестиция құю қажет. Бәрін бизнес өкілдерінің мойнына артып, қарап отыруға болмайды. Мемлекет қолдау тетіктерін жетілдіріп, қайта өңдеу мекемелерін қамтамасыз ету тиіс. Сол кезде ғана экономикалық тиімділік болады. Қайта өңдеуші кәсіпорындарды қолдап, олардың өнімдерінің шетелге саудалануына жағдай жасау керек. Шетелге шыққан тауар валюта әкеледі. Валюта көбейген сайын кәсіпорынның да әлеуеті артып, қосымша жұмыс орнын ашады.

«Ауыл» партиясы Мәжіліске барғанда ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін әлеуметтік аударымдардан басқа салықтардың барлық түрін толық жоюды, еңбек адамының мәртебесін көтеруді бірінші кезекте мәселе ретінде көтеретін болады.

«Жалпы, Ақтөбе өңірінде соңғы жылдары қуаңшылық қатты сезіліп жатыр. Су тапшы, жайылымдар жұтап барады. Осының бәрі партия назарында», — деді кәсіпорын ұжымы алдында сөз алған Мәжіліс кандидаты Ерболат Саурықов.

Тегтер: АқтөбеАуыл партиясыхалықпен кездесу

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz