Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Архив Сайлау-2023

«Ақ жол» партиясы республикалық сайлауалды штабының мүшелері Шығыс Қазақстан облысына барды

«Ақ жол» партия төрағасының орынбасарлары Дмитрий Васильев пен Берік Дүйсембинов облыс кәсіпкерлерімен өткен дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Кандидаттар бизнес өкілдеріне партия бағдарламасының алты басым бағыты туралы айтып берді.

07.03.2023
Сайлау-2023

Бизнесті дамыту, несиенің қымбат мөлшерлемелері, оффшорлық есепшоттардағы халық қаражатын Қазақстанға қайтару туралы тармақтар өңір тұрғындарынан қолдау тапты.

Жастарды ипотекалық несие мәселесі толғандырды.

Ал, кәсіпкерлердің айтуынша, шексіз мүмкіндікке ие сот орындаушыларының әрекетіне наразы. Олар компаниялардың есепшоттарын бұғаттап, табыс тауып, қарыздарынан құтылуына кедергі жасайды. Кәсіпорындарды дизельдік отынмен қамтамасыз ету мәселесінде де кереғар жағдай туындауда. Халыққа, ауыл шаруашылығына жеңілдіктер қарастырылса, кеніштер мен көлік компаниялары оны 3 есе қымбатқа сатып алуға мәжбүр. Олардың көпшілігі банкроттықтың алдында тұр.

Бұл мәселелердің барлығы бақылауда болады, деп сендірді Дмитрий Васильев.

Бизнес партиясы өз тарапынан кәсіпкерлік саласындағы мәселелерді шешудің бірқатар жолдарын ұсынуға дайын. Атап айтқанда, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен бизнестің басым секторлары үшін 0-6% деңгейінде қосымша құн салығының төмендетілген мөлшерлемелерін енгізуді талап ету. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктік несие бойынша базалық сыйақы мөлшерлемесін жылдық 4-5%-дан аспайтын тиімді сыйақы мөлшерлемесіне дейін төмендету мәселесін көтеру қажет. Монополистер тарифтерінің негізділігін – бірінші кезекте энергетика және теміржол көлігі саласында толық көлемде тексеру жүргізу керек.

«Біз ауылдық жерлерде салықтарды жоюға ұмтылудамыз, адамдардың БЖЗҚ шотындағы қаражатын өздері басқарғанын қалаймыз, медициналық сақтандыру нақты бір адамға байланып, ол кез келген емханада, қажетті уақытта көмек ала алатын болуы керек», – деді Берік Дүйсембинов.

«Ақжолдықтар» жиналғандардың сұрақтарына жауап беріп, сайлаушылардың ұсыныстарын назарға алды.

Тегтер: Ақ жолүгіт-насихатШҚО

Соңғы жаңалықтар

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Тоқаев бірнеше заңға қол қойды

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Тоқаев Таяу Шығыстағы бітімге қатысты мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Алматы облысында сирек кездесетін түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

АҚШ Иранға соққыларды уақытша тоқтатады: Трамп мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz