Шара Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен, Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының мұрындық болуымен ұйымдастырылмақ.
Жайдарман түрлі ұлт өкілдерінің арасында қазақ тілінің мәртебесін көтеру, рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында жасалып отыр.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келетін 8 команда Алматы облысы әкімінің кубогы үшін бақ сынасады.
Алғаш рет ұйымдастырылып отырған шара Қонаев қаласының орталық алаңында 4 тамыз күні кешкі сағат 19.00-де өтеді.