Мемлекет басшысын ұлықтау рәсімі ел президентін сайлау бойынша Ұлттық жиналыс депутаттарының дауыс беру қорытындысы жарияланғаннан кейін бірден өтті, деп жазады VNExpress.
Ламды Вьетнам президенті етіп сайлау туралы резолюцияны отырысқа қатысқан 473 парламент мүшесінің 472-сі қолдады. Жаңадан сайланған президент барлық стратегиялық мемлекеттік міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын мәлімдеді.