8 желтоқсан күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін UFC 310 турнирінің басты жекпе-жектеріне қатысушылардың гонорарлары белгілі болды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов ирландиялық Иэн Гэрриге қарсы кездесу үшін 350 мың доллар кепілді гонорар алады. Егер жекпе-жекте жеңіске жетсе, қосымша 100 мың доллар сыйақыға ие болады.
Оның қарсыласы Иэн Гэрри 150 мың доллар табыс табады, жеңсе қосымша 100 мың доллар беріледі.
Турнирдегі ең жоғары гонорар кештің басты жекпе-жегіне қатысатын спортшыларға тиесілі. Бразилиялық Алешандре Пантожа 750 мың доллар алса, оның қарсыласы, жапондық Кай Асакура, 500 мың доллар табысқа кенеледі.
UFC 310 турнирі жанкүйерлер үшін тартысты оқиғаларға толы болатыны сөзсіз.