Түркия әуежайларында паспорттық бақылауға арналған төлқұжат бақылау жүйесінде жаппай жүйелік ақау болды, деп хабарлайды alataunews.kz тілшісі Hava Haber-ге сілтеме жасап.
Салдарынан мыңдаған жолаушы паспорттық бақылаудан өте алмай, әуежайларда ұзын-сонар кезек пайда болған. Анталия және Ыстамбұл әуежайларындағы рейстер 30-40 минуттан бір сағатқа дейін кешіккен.
Жүйедегі ақау белгілі бір уақыт өткен соң жөнделгенімен, кезек бірнеше уақыт бойы қалыпты режимге оралмаған.